Findyourb

Подкаст о людях, которые ищут себя и не сдаются на пути к своей мечте. Разговариваем с героями нашего времени об их призвании и поиске смыслов.

Подробнее на https://findyourb.com

По вопросам сотрудничества писать на info@findyourb.com

89. Асхат Еркімбай: Ұстаздық қылған жалықпас…

April 21st, 2021

Бүгінде өзін «ағартушымын» деп айта алатын бір қазақты көрмедік. Тіпті, салмағы ауыр бұл сөз архаизмге айналып кеткендей. Асхат Еркімбай болса, тап осы сипатқа тұрарлық тұлға. Ол сұхбатта өзін «ағартушымын» деп асқақтатпай, «эдукейтермін» деп ағылшынша сыпайы қайырды.

 

Ол Жезқазғаннан бала арманын арқалап, Алматыға келеді, одан әрі мұхит асып, академиялық білім алып, ғылыми машықтарын арттыру үшін Америкаға аттанады. Әлемде беделі зор «Muskie» шәкіртақысын ұтып алады. Қазақтілді оқырман мен журналистердің басын біріктірген алғашқы блог-кэмптерді ұйымдастырады, жастарға блоггинг түсінігін практика жүзінде көрсетіп, үйретеді. Күні бүгінге дейін замандастарынан қолдау тауып, 100-ге жуық TED дәрістерін қазақ тіліне аударып үлгерді, өңірлік координатор атанды. Дата журналистикаға деген ерекше ықыласының арқасында дата журналистердің жаңа толқынын дайындауда.

 

Ұстаз әрі медиа ағартушы Асхат Еркімбаймен әңгімемізді тыңдауға шақырамыз. Иә, біз «ағартушы» сөзіне жаңа леп беріп, қоғамның ілгері дамуына үлесін қосып жүрген жас ұстаздарды неге солай атамасқа деп ойлаймыз?

 

Bonus episode. Асхат Еркімбай: Цифрландыру. Data-ның маңызы. Медиа сауаттылық.

Подкаст жүргізушіcі: Зарина Буенбаева

Дизайн: Мариям Тоқанова 

Music: muhammedyez

0:55 - Intro
2:27 - Дударай Lo-Fi Remix
10:07 - Жан Сырым Lo-Fi Remix
15:57 - He Looks To Her
18:33 - Underground Crew
20:04 - Brass Games
22:04 - Bus Tour
25:19 - Kozimnin Karasy
29:50 - Alive
33:26 - Sugar Cover Instrumental
37:56 - Soul Lo-Fi
43:39 - Sadness
49:43 - This What Love Feels Like
58:36 - Time Flow
1:05:31 - Nowhere
1:09:41 - Finally

----more----

Достар, сіздерді осы шығарылымның демеушісімен таныстырайық – қазақстандық DosMart.kz IT-стартапы. 

 

Олар супермаркеттер мен дәріханалардағы саудадан кэшбэк алуға болатын ыңғайлы сервис  (сатып алушыларға және бизнеске арналған) ойлап тапты. Толығырақ ақпарат DosMart.kz сайтында.

 

Подкастты Patreon-да қолдау

Подкаст туралы толық ақпарат

 

Podbean App

Play this podcast on Podbean App