Episodes

Wednesday May 12, 2021
90. Қасиет Сақиолла: “Бар арманым жұмысыммен байланысты!”
Wednesday May 12, 2021
Wednesday May 12, 2021
Сүйікті кәсіп пен керемет еңбекқорлық қосылғанда ғажайыптар пайда болады. Бұл біздің кейіпкеріміз - Қасиет Сақиолла туралы айтылған нәрсе.
Қытайда туып өскен Қасиет бала кезінен сурет салып, анимацияға қызығушылық танытып жүреді. Бір күні Қазақстандық «Аңшы» анимациялық фильмін көріп қалып «мен осылай түсіре алсам - нағыз аниматор болғаным» деп ат басын Қазақстанға бұрады. Қызығы, Қасиет келген жылы астанада алғаш «Анимация» факультеті ашылып, Қасиет тұңғыш түлегі атанады.
Қазір Қасиет 28-де, осы жасқа дейін ол Қазарт киностудиясының негізін қалады. 2020 жылы студияның «Махамбет» толықметрлі фильмінің тұсау кесері өтті. Сонымен қатар Балапан арнасында студияның 9 мультхикаясы балаларға жол тартты. Бұның барлығы отандық анимацияның дамуының көрінісі.
Қасиеттің ендігі арманы - ешқандай шектеусіз толығымен өнерге арналған тың анимациялық жоба жасау. Біздің арманымыз - Қасиеттей дарынды, еңбекқор батырлардың армандары орындалғаны!
Bonus episode: "Алдымызға қойғанның бәрін жей береміз бе?!"
Подкаст жүргізушіcі: Дана Қамзабек
Дизайн: Мариям Тоқанова
Music: DLN
Comments (0)
To leave or reply to comments, please download free Podbean or
No Comments
To leave or reply to comments,
please download free Podbean App.